Комитет өкілдері СИТЕС-тің 20-шы тараптар конференциясына белсенді қатысуда

Комитет өкілдері СИТЕС-тің 20-шы тараптар конференциясына белсенді қатысуда

Қазақстан Республикасы ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаевтың басшылығымен комитет өкілдері СИТЕС-тің 20-шы тараптар конференциясына белсенді қатысып жатыр.

Іс-шара шеңберінде 25 қарашада Армения, Тәжікстан, Пәкістан, Қытай, Жапония, Ресей Федерациясы, БАӘ-нің ресми делегацияларымен екіжақты кездесулер өткізілді, сондай-ақ халықаралық ҮЕҰ өкілдерімен - Пілдерді қорғау жөніндегі бастамалар қорымен (EPIF).

Келіссөздерде жабайы табиғатты сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, жануарлар дүниесі объектілерінің заңсыз саудасын болдырмау бойынша тәжірибе алмасу, ғылыми өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ мониторингтің заманауи технологияларын енгізу мәселелері талқыланды. СИТЕС Конвенциясының талаптарын іске асыру шеңберінде серіктестікті одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды.

Талқылаулар шеңберінде Қазақстан СИТЕС және басқа да халықаралық Конвенциялар қағидаттарына сәйкес келетін киікті орнықты пайдалану моделіне көшу бойынша өз ұстанымын ұсынды және киік дериваттарымен халықаралық саудаға нөлдік экспорттық квотаны алып тастау туралы өтінімді қолдауды сұрады.