
2025 жылдың 7 қарашасында Астана ботаникалық бағында Парламент депутаттарының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, Сатвалдиев Алишер Гапиржанұлы, Мәжіліс депутаты Керімбек Болат Бақбергенұлы қатысты.
Кездесу барысында Ботаника және фитоинтродукция институты мен оның филиалдарының қызметі, сондай-ақ ғылыми және ағартушылық жұмыстың дамуы мәселелері талқыланды.
Депутаттар суккуленттер коллекциясымен танысып, тропикалық жылыжай мен ғылыми зертханаларды аралады. Онда мамандар жүргізіліп жатқан зерттеу нәтижелері мен сирек және сәндік өсімдік түрлерін сақтау және интродукциялау бойынша жобаларды таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ботаникалық бақтардың қызметін жоғары бағалап, өзекті мәселелерді шешу бойынша алдағы қадамдарды айқындады.