Табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында әуе рейді өткізілді

Табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында әуе рейді өткізілді

2025 жылғы 27 қазанда “Іле-Балқаш” мемлекеттік табиғи резерватының, “Алтынемел” ұлттық паркінің, сондай-ақ Алматы және Жетісу облыстарындағы мемлекеттік орман қоры жерлері мен аңшылық шаруашылықтары жерлерінің аумағына әуе рейді жүргізілді.

Рейдтің мақсаты – орманды заңсыз кесудің және браконьерліктің алдын алу, табиғат қорғау бақылауын күшейту және инспекциялық қызметтердің жұмысын үйлестіру.

Рейд барысында қорғалатын аумақтар тексерілді, табиғи кешендердің жай-күйіне мониторинг және табиғат қорғау режимінің сақталуына тексеру жүргізілді.

Аңшылық маусымының басталуына байланысты табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын инспекциялау және бақылау шаралары күшейтіледі. Ерекше назар браконьерліктің және табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың алдын алуға аударылуда.

Рейд қорытындысы бойынша табиғи аумақтарды, мемлекеттік орман қорын және аңшылық шаруашылықтарын қорғауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.