
в массов
Республика күні қарсаңында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық мекемелерінде ағаш отырғызу шаралары өткізілді, ал бұқаралық ақпарат құралдары үшін арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды.
Іс-шаралар «Іле-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, «Жасыл аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында, сондай-ақ «Ертіс орманы» мен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарында өтті.
Акцияға Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қайырымдылық қоры да атсалысып, өз үлесін қосты. Бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қор арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, еліміздегі маңызды экологиялық бастамалардың бірі - «Halyk орманы» жобасы басталған болатын.
Аталған жобаға Қор 1 миллиард теңге бөлді. Алдағы бес жыл ішінде бұл қаражат есебінен «Семей орманы» табиғи резерватында, «Іле-Алатауы» ұлттық паркінде және елорданың жасыл белдеуінде жалпы 4 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.
Баспасөз туры барысында өткен нақты жұмыстарға тоқталсақ:
«Іле-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Көкжайлау шатқалында 1 гектар аумаққа 625 түп шырша отырғызылды. Іс-шараға 600-ден астам адам қатысты.
«Жасыл аймақ» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны 3 гектар жерге 7 500 түп алма ағашы отырғызылды.
«Ертіс орманы» МОТР аумағында 6 гектар аумаққа 8 000 дана кәдімгі қарағай отырғызылды.
«Семей орманы» МОТР аумағында 3,5 гектар аумаққа 3000 дана кәдімгі қарағай отырғызылды.
Бұл игі іс-шаралар еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, олар қоғамда табиғатты қорғауға жауапты көзқарас пен экологиялық сананы қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.