2025 жылғы 21 қазан күні Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.
Сапар барысында төраға Алматы облысы мен Жетісу облысының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының және ведомстволық ұйымдардың 9 айда атқарған жұмыстары туралы есептерді тыңдады.
Сонымен қатар 9 айдағы өрт қауіпті кезеңінің қорытындылары, 2 миллиард ағаш отырғызу бағдарламасын іске асыру барысы және орманды қалпына келтіру жоспары қаралды.
Ерекше назар экологиялық туризмді дамытуға, бақылау-инспекциялық жұмыстарды күшейтуге, сондай-ақ табиғи ресурстарды тиімді қорғау мен пайдалану мәселелеріне аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша жұмыс жоспарларын сапалы орындау, ағаш отырғызу көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-ақ орман және жануарлар дүниесі саласындағы басқару жүйесін нығайту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.