Қазақстан ТМД елдерінің орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда

Қазақстан ТМД елдерінің орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда

2025 жылғы 8-9 қазанда ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Ғ.Тұрғамбаев Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Орман шаруашылығы және орман өнеркәсібі жөніндегі кеңесінің XXIII отырысына қатысты.

Отырыс барысында мынадай негізгі мәселелер қаралды: 2026–2030 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарының жобасы, шекара маңындағы аумақтарда орман өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі келісімді іске асыру мәселелері, сондай-ақ ағаш материалдарының заңсыз айналымының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі кешенді шараларды әзірлеу жұмысын жалғастырудың тиімділігі.

Қазақстан тарапынан ормандарды қорғау, орман өнеркәсібін дамыту және озық тәжірибе алмасу салаларында, соның ішінде төтенше жағдайларға бірлесіп әрекет ету мен саланы цифрландыру жөніндегі шешімдерді енгізу бағытында өңірлік өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша ТМД елдерінде орман шаруашылығы мен орман өнеркәсібі саласындағы мемлекетаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар ТМД-ға мүше мемлекеттердің орман шаруашылығы және орман өнеркәсібі жөніндегі Кеңесінің келесі отырысын Қазақстан Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды.