«Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жаңа үлгідегі кардон ашылды!

«Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жаңа үлгідегі кардон ашылды!

2025 жылғы 26 қыркүйекте парк аумағында заманауи қызметтік кардонның салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа нысанда мемлекеттік инспектор отбасымен бірге тұрақты түрде тұратын болады. Кардонның ерекшелігі – оның көпфункционалдығында: ғимараттың бір бөлігі туристерді қабылдауға бейімделген. Бұл инспекторлардың жұбайлары үшін жұмыспен қамтылу мүмкіндігін туғызып, өңірдегі туризмнің дамуына ықпал етеді.

Кардон құрылысы ұлттық парк қызметкерлерінің өз күшімен, ешбір мердігер ұйымдардың қатысуынсыз жүзеге асырылды.

Осыған ұқсас жоба бойынша алдағы уақытта еліміздің өзге де табиғатты қорғау мекемелерінде кардондар салынатын болады.

Бүгінгі таңда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 350-ден астам кардон жұмыс істеп тұр, ал 2027 жылға дейін тағы 20 жаңа нысан салу жоспарлануда.