2025 жылғы 26 қыркүйекте Шарын шатқалында су құбырының нысаны іске қосылды.
Су құбыры «Шарын ұлттық табиғи паркі» мен «Жетісу Вольфрамы» ЖШС-нің бірлескен жобасы. 2024 жылы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Жетісу Вольфрамы» ЖШС арасында 2024-2046 жылдарға арналып бірлескен іс-шаралар туралы жол картасы бекітілген.
Аталмыш жоба аясындағы бірлескен қызметтің нәтижесіне бүгінде «Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары» туристік бағытына тартылған 20 шақырымдық су құбырының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар ұлттық парк аумағындағы жабайы жануарларды суаттармен қамтамасыз ету мақсатында 5 шақырым аумаққа су құбыры тартылды.