Хабаровск қаласында жолбарысты Қазақстан Республикасына реинтродукциялау мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қоршаған ортаны қорғау және биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытудағы маңызды кезең болды.
Тараптар ғылыми-техникалық бағдарламаны әзірлеу және Іле өзенінің атырауындағы қосымша аумақта тіршілік ету ортасын кешенді бағалау бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті. Сондай-ақ жолбарыспен байланысты туындайтын даулы жағдайларды шешу бойынша Қазақстандық арнайы топты Ресей Федерациясының аумағында оқыту туралы келісімге қол жеткізілді.
Жолбарысты қайта жерсіндіру тек экологиялық бастама ретінде ғана емес, сонымен қатар табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған жауапты көзқарастың үлгісі әрі сирек кездесетін түрлерді қорғау саласындағы ынтымақтастықтың нышаны ретінде қарастырылады.
Тараптар бұл маңызды экологиялық жобаны бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін білдірді. Бұл жоба жануарлардың сирек түрлерін сақтау мен қалпына келтіру саласындағы халықаралық тиімді ынтымақтастықтың үлгісіне айналмақ.