«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт туралы ақпарат

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт туралы ақпарат

 

2025 жылғы 21 қыркүйекте «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Іле орманшылығы аумағындағы 41-орамының 50-телімінде өрт шықты.

23 қыркүйек күні сағат 09:16-да ұлттық парк, облыстық ТЖД және РМК «Қазавиорманқорғау» мамандарының бірлескен іс-қимылының нәтижесінде шамамен 120 гектар ормансыз жерлерді (қамыс пен бұталы) қамтыған аумақтағы өрт оқшауланды.

Өртті сөндіруге жалпы 98 адам және 32 техника бірлігі жұмылдырылды:

  • «Алтын-Емел» МҰТП – 19 адам, 8 өрт сөндіру техникасы;
  • Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) – 66 адам, 22 техника, 3 қайық, 4 мотопомпа, 3 дрон;
  • Жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) – 5 адам, 2 техника бірлігі;
  • «Қазавиаорманқорғау» РМК – МИ-8 тікұшағы және парашюттік қызметтің 7 қызметкері.

Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өрт сөндіру жұмыстарына ұлттық парктің директоры Байтұрбаев К. басшылық етуде.

Ұлттық парк пен ТЖД қызметкерлері бірлесіп, өртті толықтай сөндіруге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдауда.

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның бірінші сыныпты әуе кемесі өрт аумағында 18 мәрте барлығы 54 тонна су төкті.

Жағдайдың даму барысына байланысты қосымша ақпарат берілетін болады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі

комитетінің баспасөз қызметі