2025 жылы 12 қыркүйекте Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының «Кіші Алакөл және Жалаңашкөл» аумағында, яғни 12 айналымның 32 орамында өрт шықты.
Өрттің аумағы 35 гектар ормансыз жерлер (тасты - құмды жер) оқшауланған болатын. Алайда, 13 қыркүйекте желдің күшеюіне байланысты өрт қайтадан өрши түсті.
Қазіргі уақытта өрт шамамен 1000 гектардан астам ормансыз жерлер (тасты - құмды жер) оқшауланды.
Өртті сөндіруге жалпы саны 42 адам мен 11 техника бірлігі жұмылдырылды: «Алакөл» мемлекеттік табиғи қорығынан – 20 адам және 6 техника бірлігі; Жетісу және Абай облыстарының ТЖД – 22 адам және 5 техника бірлігі.
Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт сөндіру жұмыстарына жетекшілік етуші – «Алакөл» МТҚ директоры Жанабаев М.
Жағдайдың даму барысына байланысты қосымша ақпарат берілетін болады.