Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды. Басты назар 2025 жылдың 8 қыркүйегінде жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттер қаралды.
Министрліктің алдында Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеу міндеттері тұр.
Жолдаудың тармақтарын орындау мақсатында Министр жауапты құрылымдық бөлімшелерге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бастаманың мемлекетаралық сипатының маңыздылығын ескере отырып, қолданыстағы бағдарламалық құжаттар негізінде халықаралық тәжірибені зерделей отырып, Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды.
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруға толығырақ тоқталды. Жыл басынан бері акция аясында республика бойынша 1 мыңға жуық экологиялық іс-шара өтті, оның нәтижесінде 570 мың тоннадан астам қалдықтарды жиналып, 870 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 2,4 миллионға жуық ағаш отырғызылды. Акцияға 4,2 миллионнан астам адам қатысты, оның ішінде 357 мыңы еріктілер.
Министр басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп экологиялық ағартудың бірыңғай стандартын мазмұндық толықтыруға белсенді жәрдемдесуді тапсырды.
Сондай-ақ, Жолдауда есепке алынбаған ормандар туралы мәселе көтерілді.
Орман ресурстарын орнықты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде 2017 жылы республика аумағында есепке алынбаған 400,0 мың гектарға жуық орман анықталды.
Түгендеудің алдын ала қорытындысы бойынша есепке алынбаған орман учаскелерінің ауданы шамамен 937,5 мың гектарды құрайды, оның ішінде 108 мың гектарға жуығы мемлекеттік орман қорының жерлеріне ауыстырылды.
Министр есепке алынбаған ормандарды түгендеу және оларды кейіннен мемлекеттік орман қоры жерлеріне беру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Талқылау қорытындысы бойынша барлық құрылымдық және аумақтық бөлімшелерге инвестициялар тарту және экологияның барлық салаларында жасанды интеллект енгізу бойынша жұмысты жандандыру тапсырылды.