Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Аңшылық шаруашылығы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасы аумағында аңшылық алқаптары 170 млн 161 мың гектарды алып, ел аумағының 63%-ын құрайды. Оларды қорғау мен тұрақты аңшылық шаруашылығын жүргізу мақсатында республикада 870 аңшылық шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғауға арналған 18 арнайы ұйым жұмыс істейді.
Бүгінде елімізде осы салада шамамен 5 000 адам үздіксіз еңбек етіп, өз кәсібіне адалдықпен қызмет етуде.
Инспекторлар мен аңшылық шаруашылықтарының қызметкерлері табиғатты қорғаудың мемлекеттік жүйесінде маңызды рөл атқарады. Олар экологиялық және санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын болдырмауға күш салады. Бұл – өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін, үлкен жауапкершілік жүктейтін қызмет. Ол тек жоғары кәсіби дайындықты ғана емес, сонымен қатар өз ісіне адалдық пен табиғатқа деген шынайы сүйіспеншілікті талап етеді.
Сіздерге биологиялық ресурстарды қорғау, браконьерлікпен күресу және аңшылық шаруашылығын тұрақты дамыту сынды аса маңызды міндет жүктелген. Бұл – жануарлар дүниесі мен табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін өте маңызды.
Сіздердің кәсіпке деген адалдықтарыңыз бен табиғатымыздың қауіпсіздігі үшін тоқтаусыз күрестеріңізге алғысымды білдіремін!
Бұл айтулы күні сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық пен зор табыстар тілеймін!
Құрметпен, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев.