«Құрғақ аймақтарда орман өрттерін сөндіру бойынша нұсқаушыларды даярлау» халықаралық тренингі басталды

«Құрғақ аймақтарда орман өрттерін сөндіру бойынша нұсқаушыларды даярлау» халықаралық тренингі басталды

2025 жылдың 18 тамыз күні «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Құрғақ аймақтарда орман өрттерін сөндіру бойынша нұсқаушыларды даярлау» атты халықаралық тренингтің ашылу салтанаты өтті.
Аталған іс-шараға Корея Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Бутан және Қазақстан Республикасынан барлығы 45 қатысушы жиналды.
Халықаралық тренингтің мақсаты – орман және дала өрттерін сөндіру бойынша мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, өңірлік ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасу арқылы өрт қауіпсіздігі саласындағы әлеуетті нығайту.
Ашылу салтанатында ұйымдастырушылар мен арнайы шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, тренингтің маңыздылығына атап өтіп, құрғақ аймақтардағы орман өрттерінің жиілеп кетуіне байланысты бұл бағыттағы мамандарды даярлау мен халықаралық тәжірибе алмасудың өзектілігіне аса назар аударды.
Тренинг барысында қатысушыларға теориялық және практикалық оқыту бағдарламалары ұсынылады. Іс-шара өңір елдерінің табиғи апаттарға төтеп беру қабілетін күшейтуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.