Мемлекет басшысының елді мекендер аумағында 15 миллион ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында облыстардың елді мекендерін көгалдандыру және жасыл аймақтар құру бойынша өңірлік жоспарлар бекітілді.
2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңге жыл сайын 3 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланған болатын. Алайда өңірлердің жылдық жоспарларды артығымен орындауына байланысты, жалпы алғанда, 2021 жылдан 2025 жылға дейін елді мекендерде 15,7 миллионнан астам ағаш отырғызылды.
Ағымдағы жылдың көктемгі кезеңінде (2025 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша) елді мекендер аумағында 1,4 миллион ағаш отырғызылды.
Бұл жұмыс елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсарту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және еліміздің жасыл қорын ұлғайту мақсатында жалғасатын болады.