Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы жетілдіру

Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы жетілдіру

2025 жылдың 26 маусымында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары бастамашылық еткен бұл Заң келесі негізгі түзетулерді көздейді:

 

  • әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілері орналастырылған, нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін басқа санатқа ауыстыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • жекелеген мемлекеттік табиғи қорықтардың күзету режимінің ерекшеліктері;
  • жаңа орман алқаптарын отырғызуға және тозған жерлерді қалпына келтіруге бағытталған, мемлекеттік орман қорының және қордағы жерлерде іске асырылатын көміртегі офсеттерін жүзеге асыру;
  • төтенше жағдайларға ден қою кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы мен басқару алгоритмін айқындау, орман өрттерін сөндіруге арналған авиациялық отынның резервтік қорларын құру, сондай-ақ орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;
  • табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану үшін қолайлы жағдай жасауға, биоәртүрлілікті қолдауға және елдегі экологиялық ортаны жақсартуға бағытталған;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік нысандарға инженерлік инфрақұрылымның құрылыс мерзімдерін қысқарту мақсатында мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің жер учаскелерін жеке және заңды тұлғаларға беру, сондай-ақ жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатын өзгертпей, табиғатты қорғау мекемесімен бірлескен қызмет туралы шарт негізінде азаматтық қорғау нысандарын салуға беру;

Сонымен қатар, Заңда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелерін қамтамасыз етуге байланысты түзетулер қарастырылған.

Жалпы алғанда, Заң орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы жетілдіруге және құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға бағытталған.