Абай облысында үлкен суқұзғын санын реттеуге рұқсат беру басталатыны туралы хабарландыру

Абай облысында үлкен суқұзғын санын реттеуге рұқсат беру басталатыны туралы хабарландыру

Абай облысының аумағында үлкен суқұзғын санын реттеу шеңберінде, ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2025 жылғы 16 шілде күні сағат 15:00-де «электрондық үкімет» веб-порталы — www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы оны реттеу лимитін ашатынын хабарлайды. Лимит 3 010 дарақ көлемінде белгіленген.

Абай облысының аумағында (ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан басқа) үлкен суқұзғынның (Phalacrocorax carbo) санын реттеу бойынша 2025 жылға арналған биологиялық негіздеме Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша, 2025 жылғы 8 сәуірдегі №21 «Құрылысқа қатысты емес жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу шартына» сәйкес дайындалды.

Сонымен қатар, оның санын реттеуге рұқсат беру Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №347 бұйрығымен бекітілген «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары шеңберінде жүзеге асырылады.

Аталған мемлекеттік қызмет толықтай автоматтандырылғанын және квоталарды бөлу өтінім берілгеннен кейін жиырма минуттың ішінде адам қатысуынсыз жүзеге асырылатынын атап өтеміз.