
2025 жылғы 13 шілдеде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Тұрғамбаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында ол «Алтын Емел», «Шарын», «Көлсай көлдері» және «Іле - Алатауы» ұлттық парктерінің басшыларымен кеңес өткізді.
Кеңесте ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды тиімді басқару, бақылау-өткізу бекеттерін автоматтандыру, туристік ағынды реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, комитет төрағасы автоматтандыру жүйесін, туристердің келу маусымын және табиғи объектілердің жұмысын жүйелі түрде қадағалауды тапсырды.
Іле-Алатауы ұлттық паркінде Алмарасан бақылау бекеті жаңа автоматтандырылған жүйемен жұмыс істей бастады. Бұл-табиғи аумақтарды тиімді басқару мен келушілерге қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жолындағы маңызды қадам.