«Таза Қазақстан» іске асыру барысы туралы

«Таза Қазақстан» іске асыру барысы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы барысында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасының іске асырылу барысы туралы баяндады.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы азаматтардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға бағытталған.

Бұл бастама халықты біріктіріп қана қоймай, жалпыұлттық ауқымдағы іске айнала отырып, патриоттық рухты нығайтты. Акцияға қатысушылардың жалпы саны шамамен 2 млн. адамды құрады, оның ішінде 156 мың еріктілер.

«Ағымдағы жылдың басынан бастап «Таза Қазақстан» қамқорлығымен бүкіл ел бойынша 573 іс-шара (2024 ж. - 183) өткізілді, оның ішінде республикалық («Таза кәсіп – таза аймақ», «Киелі мекен», «Таза өлке», «Мөлдір бұлақ» және т.б.) және халықаралық акциялар («Жер сағаты», «Халықаралық құстар күні»), оның шеңберінде 189 мың тоннаға жуық қалдықтар жиналып, 735 мың гектарға жуық аумақ тазартылып, 2 млн. астам ағаш отырғызылды», - деп атап өтті министр өз баяндамасында.

Ол сондай-ақ 281 іс-шара мен акция өткізілген бизнес өкілдерінің белсенді қатысуын атап өтті.

Сондай-ақ, Telegram @TazaQazBot чат-боты жұмысының оң жақтары айтылды, оның көмегімен тұрғындар тиісті қызметтерге экологиялық мәселелер мен абаттандыру мәселелерін шешуге жылдам жауап беруге тез көмектесе алады. Мысалы, ағымдағы жылы 11 мыңнан астам өтінім келіп түсті, оның 10 мыңы орындалды (10 275-орындалды, 367-орындалуда, 443-тоқтатылды).

Бұдан әрі министр елді мекендерді көгалдандыру барысы және елдің ормандылығын арттыру, ҚТҚ полигондарын салу және қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын қаржыландыру туралы айтып берді.