«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрт толықтай сөндірілді

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрт толықтай сөндірілді

 2025 жылғы 24 маусым күні сағат 14:00-де «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында орын алған өрт толықтай сөндірілді.
Тілсіз жауды ауыздықтауға шамамен 150 адам және 35 техника бірлігі жұмылдырылды.
Өрттің одан әрі таралуын болдырмауға бағытталған барлық қажетті шаралар толық көлемде жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.