13 маусым күні Атырау қ. Еркінқала ауылынан 15 шақырым жерде "Ақжайық" резерваты аумағында қамыстың өртенуі орын алды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 1510 га аумақтағы өрт оқшауланды.
Сөндіру жұмыстарына Экология және табиғи ресурстар, ТЖМ, Қорғаныс министрліктері, ЖАО-ның барлық қажетті күштері мен құралдары, яғни 150-ден астам адам мен 35 бірлік техника, сондай-ақ ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды.
Қызметкерлер қауіпті аймақта тәулік бойы жұмысын жалғастырып, жалынның одан әрі таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Қазіргі таңда өрттің себебі анықталуда, жағдай уәкілетті органдардың толық бақылауында. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Құрметті азаматтар! Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорына барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз!