Қазақстан Қытайға 1,5 мың бас киік береді

Қазақстан Қытайға 1,5 мың бас киік береді

 Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына 1,5 мың бас киік беру туралы шешім қабылдады.
Осыған байланысты Қытай тарапымен жануарларды беру механизмі пысықталатын болады.
Сонымен қатар, бұрын Қытайдың батыс бөлігі киіктердің мекен ету ортасына кіргенін еске саламыз. Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысында адамдардың дала кеңістігін қарқынды қоныстандыруына байланысты киіктердің мекен ету ортасы мен саны айтарлықтай азайды.
Айта кетейік, биылғы жылдың көктемгі есебінің нәтижелері бойынша Қазақстандағы киік саны 3,9 млн. басты құрап, 1974 жылғы тарихи максимумынан (1,2 млн. бас) асып түсті.
Фото: Depositphotos
https://www.kt.kz/rus/ecology/v_kazahstane_prohodit_respublikanskaya_aktsiya_saygak_1377943810.html