Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері туралы

2025 жылғы 31 мамырдан 01 маусым аралығында «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орталық кеңсесінде ҚР ЭЖТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының төрағалығымен семинар-кеңес өтті. Семинарға Алматы, Жетісу облыстары аумақтық инспекция басшылары және ЕҚТА  мекеме басшылары қатысты.

Семинар барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі мен қызметіне қатысты өзекті мәселелер қаралды. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт қауіпті маусымның басталуына байланысты шараларға ерекше назар аударылды.

Семинар қатысушылары өрт жағдайларына жедел әрекет ету, тәулік бойы кезекшілік пен мониторингті күшейту, сондай-ақ тиісті қызметтер мен табиғат қорғау мекемелерінің өзара үйлесімді жұмыс істеу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, ерекше қорғалатын аумақтардағы бақылап-өткізу пункттерін (БӨП) автоматтандыру мәселелері қаралды.

Семинар қорытындысы бойынша бірлескен іс-қимыл алгоритмі әзірленді және төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар қабылданды.