Ұлттық парк аумағында бұғы (марал) бейнеқақпанға түсті

Ұлттық парк аумағында  бұғы (марал) бейнеқақпанға түсті

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы арнайы биотехникалық алаңға орнатылған бейнеқақпан бұғыны (маралды) тіркеді. Бұл жануар үшін қолайлы табиғи жағдайдың бар екенін және жүргізіліп жатқан биотехникалық іс-шаралардың тиімділігін көрсетеді.

 Алынған деректер популяцияны бақылау мен қорғау мақсатында пайдаланылатын болады.