Қазақы ит тұқымдарының стандартын бекіту туралы

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақы ит тұқымдарының стандарты бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а.

 

З. Сулейменова

 

приказ
Дата публикации
04 апреля 2023