Қостанай облысында Татыр су айдынындағы балықтардың қатуы тіркелді

Қостанай облысында Татыр су айдынындағы балықтардың қатуы тіркелді

Қостанай облысының Жангелдин ауданында, Тауш кентінің жанында орналасқан ауданы 768 гектар Татыр су айдынында балықтын қырылуы анықталды.

Жергілікті органдардың деректері бойынша су айдыны бекітілмеген және резервтік балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіне енгізілмеген.

Татыр көлі Жангелдин ауданы Жаркөл ауылдық округінің аумағында орналасқан, Тауш ауылының маңайында.

2025 жылғы 5-ші сәуірде Тауш ауылының жанында орналасқан Татыр көлінің жағасында өлген балықты табу туралы алынған ақпарат бойынша "Тобыл-Торғай облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы" РММ, "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты ММ және Жаркөл ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қызметкерлері осы жерге барып,  өлген балықты жинау және одан әрі жою бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Жалпы химиялық талдау үшін су сынамалары алынды.