«Таза су айдындары» акциясы Жамбыл облысының «Тасөткел» су қоймасында өтті

«Таза су айдындары» акциясы Жамбыл облысының «Тасөткел» су қоймасында өтті

2025 жылыдың 2 сәуір күні Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары және «Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті» қызметкерлері, «Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігі, еріктілер, «Тасөткел» су қоймасының қорықшыларымен бірлесіп «Тасөткел» су қоймасында «Таза су айдындары» акциясы өткізілді.

Аталған акцияға барлығы 50 адам қатысып, 10 су көліктері және 5 автокөліктер жұмылдырылды.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстардың нәтижесінде, су айдынынан 10 км астам заңсыз құрылған аулау құралдары алынып, арнайы белгіленген орында жойылды.

«Таза су айдындары» акциясы Шу-Талас бассейні бойынша ағымдағы жылдың наурыз айы мен маусым айы аралығында өткізіледі.