
2025 жылғы 29 наурызда Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері жергілікті атқарушы органмен бірлесіп Долбушка ауылының маңындағы су айдыны жайылып кетуіне байланысты балықты құтқаруға кірісті.
Алдыңғы күні, 28 наурыз күні кешке әлеуметтік желілерде су қоймасының жайылып кетуі және балықтың өлу қаупі туралы бейнеролик жарияланды. Мамандар жағдайға жедел ден қойып, бүгінде сол жерде су биоресурстарын сақтау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Жиналған 360 кг көлеміндегі балық мекендеу ортасына жіберілді.
Құтқару операциясына 15 адам тартылды. Іс-шаралардың мақсаты – балықтың өлімін болдырмау және балық ресурстарына ықтимал зиянды азайту.
Анықтама ретінде:
Судың жайылуы 1173 гектар резервтік су қойма болып табылатын Алакөл көлінен болды. Көл Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің аумағында, Долбушка ауылынан 2 шақырым жерде орналасқан.
Мамандар жағдайды бақылауды жалғастыруда және балық ресурстарын сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.