Түркістан облысында «таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы өтті

Түркістан облысында «таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы өтті

2025  жылғы 15  наурыздан 31 мамырға дейін өткізілетін «Таза су айдындары» республикалық акциясы шеңберінде Түркістан облысы Шардара ауданының Шардара су қоймасының 3-ші учаскесінде тазарту жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Түркістан облысы бойынша балық инспекция бөлімінің қызметкерлері және  Шардара су қоймасының 3-ші учаскесінің су қорықшыларымен, балықшылары  бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға 20 адам қатысып, 2 втокөлік тіркемесімен басқада техникалар жұмылдырылды. Акция барысында жалпы ұзындығы 800 кг-ға жуық түрлі қоқыстар және жарамсыз ау құралдары 2 дана 50 метрден жиналып, шығарылды.

Акцияның мақсаты су айдындарын тастанды аулардан тазарту және өңірдегі су объектілерінің жағдайын жақсарту болып табылады.