Қызылорда облысында «Уылдырық шашу» акциясы басталды

Қызылорда облысында «Уылдырық шашу» акциясы басталды

1 сәуірден 10 маусымға дейін Арал-Сырдария бассейнінің су айдындарында уылдырық шашу және су биоресурстарын көбейту кезеңінің басталуына байланысты жыл сайын балық аулауға тыйым салынады. Осы кезеңде Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Азаматтық қорғаныс басқармасы және Жедел-құтқару жасағының өкілдерімен бірлесіп су айдындарында күшейтілген бақылау жүргізеді.

Акцияның негізгі мақсаты – су биоресурстарын қорғау, заңсыз балық аулаудың алдын алу және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Іс-шара шеңберінде құтқару қызметінің инспекторлары мен қызметкерлері рейдтер ұйымдастырады, табиғат қорғау заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және балық аулау ережелерін сақтау қажеттілігі туралы әуесқой балықшылармен және балық шаруашылығы субъектілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Уылдырық шашатын жерлерді қорғау және балық популяциясын сақтау өңір үшін түйінді маңызы бар болып табылады және азаматтардың су ресурстарына жауапкершілікпен қарауын қалыптастырады.