
2025 жылғы 15 наурыздан 31 мамырға дейін өткізілетін «Таза су айдындары» республикалық акциясы шеңберінде Қызылорда облысы Шиелі және Жаңақорған аудандарының Таушұқыры су айдындарында су айдындарын тасталған аулардан тазарту жүргізілді. Іс-шараны ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараға 12 адам қатысып, 3 техника жұмылдырылды. Акция барысында жалпы ұзындығы 500 метрден асатын жеке жіптерден және жеке мата жіптерден жасалған аулар алынды, сондай-ақ 400 кг-ға жуық түрлі қоқыстар жиналып, шығарылды.
Акцияның мақсаты су айдындарын тастанды аулардан тазарту және өңірдегі су объектілерінің жағдайын жақсарту болып табылады.