Балық шаруашылығы комитеті саланың өзекті мәселелерін шешу жолдарын талқылады

Балық шаруашылығы комитеті саланың өзекті мәселелерін шешу жолдарын талқылады

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінде ведомство басшысы Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен кеңес өтті. Іс-шараға облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының, құрылымдық басқармалардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында саланы мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту, «e-Fish» цифрлық бақылау құралдарын енгізу, сондай-ақ су айдындарына балық жіберу, балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау және балық питомнигінің өндірістік базасын жаңғырту жөніндегі бағдарламаларды іске асыру мәселелері қаралды. Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылға, браконьерлікпен күреске және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Комитет төрағасы облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына балық саласын дамытуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.