
Батыс Қазақстан облысында мұздың қалың қабығынан таяз су айдындарында оттегінің болмауына байланысты балықтардың қырылып қалу қаупі туындады.
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің «Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ инспекторлары облыстың су айдындарында балықтарды құтқару бойынша кешенді жұмыстар жүргізді. Қыс салыстырмалы түрде жылы болғанына қарамастан, БҚО-да су айдындарының көпшілігінде мұз қабығы 40 см-ге жетеді, бұл балықтың жаппай қырылуына әкелуі мүмкін.
Бүгінгі таңда инспекторлар бірқатар кешенді жұмыстар жүргізді: 136 000 тесік тесілді, оны оттегімен байыту үшін 5000 текше метрден астам су мотопомпалармен айдалды. Бұл жұмыстар үшін тек БҚО-да ғана 657 адам және 167 бірлік техника тартылды.
Балықтың қырылып қалмауына қарсы іс-шаралар жалғасуда, таяз су айдындарына ерекше назар аударылуда.