Өлі итбалықтарды анықтау туралы ақпарат

Өлі итбалықтарды анықтау туралы ақпарат
  2024 жылғы 26 сәуірде Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының (бұдан әрі – Инспекция) қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданында 27 өлі итбалық тапты.
     Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, гидробиология және экология институты, қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология және полиция департаменттері, Табиғат қорғау прокуратурасы) жедел түрде хабардар етілді.
    Инспекция мен жергілікті атқарушы органдар, Гидробиология және экология институтының өкілдерінен тұратын жұмыс тобы итбалықтарды анықталған орнынға шықты.
   Өлі итбалықтардың табылған өліктері ыдыраған күйде болды, бұл олардың өлімі қыс мезгілінде бір уақытта болған және осы уақыт ішінде өліктер суда болған деп болжауға негіз береді. Олар 23 сәуірде басталған батыстан соққан дауылдың салдарынан жағаға шыққан. Бүгін күні дауылды жел басылды. 
     Бұл ретте, Гидробиология және экология институтының қызметкерлері сынамаларды алуға болатын бірнеше данадан тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ішкі ағзалардың тіндерін, сондай-ақ азу тістерін ішінара іріктеп алды.
    Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастыруда.
     Ақпарат түскен сайын жаңартылады.
    Анықтама: 2024 жылдың 29 наурызы мен 26 сәуірі аралығында барлығы 209 өлі итбалық өлекселері табылды