Құрметті Жамбыл облысы және Тараз қаласының БАҚ өкілдері!

Құрметті Жамбыл облысы және Тараз қаласының БАҚ өкілдері!

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті 2024 жылғы 17-19 сәуірде Тасөткел, Теріс-Ащыбұлақ су қоймаларында және Билікөл көлінде «Таза су айдындары» ауқымды табиғат қорғау акциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Акцияның мақсаты – балық ресурстарын және олардың тіршілік ету ортасын сақтау, табиғи өсімін молайту үшін жағдай жасау, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарын тасталған ау құралдарынан тазарту.

Акция барысында балық шаруашылығы су айдындарын жарамсыз балық аулау құралдарынан тазарту, сондай-ақ жағалауды тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, бұл табиғат қорғау акциясы жыл сайын республика бойынша өткізіледі.

БАҚ өкілдерін экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Балық ресурстарын сақтауға бірге үлес қосайық!

БАҚ өкілдерін тіркеу үшін 8 775 696 42 20 (Аружан Еспайқызы ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы) нөміріне 2024 жылғы 16-18 сәуір күндері сағат 19:00-ге дейін хабарласу қажет.

Жиналу орны: Тараз қаласы Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Аль-Фараби көшесі 11,  17.04.2024 жыл, сағат 7:00.