«Бекіре-2024» кең ауқымды балық қорғау акциясы

«Бекіре-2024» кең ауқымды балық қорғау акциясы
   2024 жылғы 5 сәуірде «Бекіре-2024» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу кезінде ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының және Атырау облысы полиция департаментінің балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Жайық өзені бойынша, Дамбы кенті ауданында, Приморский каналы, Каспий теңізіне шығатын Пешнош түбегінде бірлескен рейд жүргізді.  Жүргізіліп жатқан операцияны жалпы үйлестіруді Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері жүзеге асырды.
    Таңертеңгі сағат 5:00 шамасында Приморск каналы аймағында жағадағы Шекара қызметінің қызметкерлері ВАЗ маркалы автокөлікті ұстады, автакөлікке заңбұзушы жалпы салмағы 124,5 кг бекіре балықтарын тиеп, 5 қапшыққа ораған. 
     Оқиға орнына полицияның жедел-тергеу тобы шақырылып, оқиға орнында іс жүргізу әрекеттерін жүргізді, ұсталған автокөлік айыппұл тұрағына көшірілді.
     Аталған дерек ҚР ҚК 339-бабының белгілері бойынша № 242311031000192 СДТБТ-да тіркелген. 
    Алдын ала залал 68 948 100 теңгені құрайды.
    Балық қорғау акциясы жалғасуда.