«Бекіре-2024» кең ауқымды балық қорғау акциясы

«Бекіре-2024» кең ауқымды балық қорғау акциясы
2024 жылғы 2 сәуірде сағат 00:50-де Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Атырау облысы полиция департаментінің, Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қызметкерлерімен бірлесіп, «Бекіре-2024» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу шеңберінде Дамба кентінің 2 өзек ауданы, Жайык өзенінің жағалауында қамыс аймағы рейдтік іс-шара жүргізу барысында жалпы салмағы 313,3 кг 14 қап бекіре тұқымдас балықтары табылды.
Аталаған дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігінің белгілері бойынша СДТТБТ № 242311031000185 тіркелді.
Құқық бұзушыларды одан әрі іздестіру кезінде сағат 6:00-де анықталған жерден шамамен 400 метр қашықтықта өзен жағасына бекітілген аспалы қозғалтқыштары бар «Ямаха-200» -3 бірлік және «Ямаха - 225» - 1 бірлік 4 «Байда» типті иесіз жүзу құралдары тәркіленді.
Қазіргі уақытта полиция органдары осы жүзу құралдарының иелерін қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеру мақсатында анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.
Балық ресурстарына келтірілген залал алдын ала есеп бойынша 173 505 540 теңге.
Балық қорғау акциясы жалғасуда.