Балық шаруашылығы комитеті өңделген түрдегі балық экспортын ұлғайтуға бағдарлануда

Балық шаруашылығы комитеті өңделген түрдегі балық экспортын ұлғайтуға бағдарлануда
Балық өңдеу кәсіпорындарының қызметін талдау жүргізіліп шикізаттың жетіспеушілігі анықталды, ал экспорттың жартысынан көбі мұздатылған өңделмеген балық.
🔹Мәселен, бүгінде бұл кәсіпорындардың жалпы қуаттылығы жылына 100 мың тоннадан асады, алайда олардың жүктемесі 45% құрайды.
🔹Осыған байланысты 2023 жылдың 15 сәуірі мен 15 қазаны аралығында көксерке мен жайын балықтарын өңделмеген түрде экспорттауға тыйым салынды.
🔹Осы кезең аяқталғаннан кейін енгізілген шектеудің тиімділігіне талдау жүргізіліп, балық түрлерінің өңдеу көлемінің өсуін көрсетті.
🔹Сонымен, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көксерке мен жайын балықтарын өңдеуге түсімдер 23% - ға өсті, сондай – ақ балық өңдеу кәсіпорындарының кірістері өсті, өйткені көксерке сүбесінің экспорттық бағасы 1 тонна үшін орта есеппен 3 800 АҚШ долларын, ал мұздатылған көксерке бағасы 1 тонна үшін 520 АҚШ долларын құрады.
🔹Статистика деректері бойынша, 2023 жылы жалпы сомасы 85 млн. АҚШ долларына 25 мың тоннадан астам балық өнімі экспортталды, оның 14 мың тоннасы немесе 55% - ы мұздатылған балық. Қалған 45%-ы немесе 11 мың тонна-бұл сүбе, ысталған-қақталған және кептірілген балық, оның табысы 70 млн. АҚШ доллардан асады немесе балық өнімі экспортының барлық сомасының шамамен 80% құрайды.
🔹Бұл көрсеткіштер өңделген балық өнімдері экспортының неғұрлым жоғары рентабельділігін көрсетеді. Қабылданған шаралардың тиімділігін ескере отырып, көксерке мен жайынды өңделмеген түрде экспорттауға тыйым салу 2024 жылғы 3 ақпаннан 3 тамызға дейін тағы алты айға ұзартылды.
🔹Сонымен қатар, тұқы (сазан), шортан, алабұға және табан сияқты өңделмеген түрдегі ең коммерциялық және гастрономиялық құнды балық түрлерін экспорттауға шектеулер енгізу, сондай-ақ мұздатылған түрінде қаракөз бен торта балықтарын экспорттауға тыйым салу жоспарлануда, өйткені қақталған қаракөз балығының экспорттық бағасы 1 тоннасы орта есеппен 3500 АҚШ долларын, ал мұздатылған бағасы 1 тонна үшін шамамен 500 АҚШ долларын құрайды.
🔹Осылайша, өңделмеген балық экспортын шектеу балық ресурстарын сақтауға және тұрақты пайдалануға, сондай-ақ шикізатты тиімдірек пайдалану арқылы рентабельділікті арттыра отырып, қосылған құны жоғары терең өңделген балық өнімдерін өндірудің өсуіне ықпал етеді