
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XVII форумы барысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Министрлігі және Ресей Федерациясының Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2021 жылғы қыркүйекте каспий итбалықтарының популяциясын сақтаудың 2021-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Бұл жоспар каспий итбалығының популяциясын зерттеу, уақытылы оның санын және
репродуктивті әлеуетін, биологиясының ерекшеліктерін қорғау бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жасалған.

Бірлескен ғылыми зерттеулер негізінде 2021-2023 жылдар кезеңінде Балық шаруашылығы комитетінің бастамасымен «Каспий итбалығы» ғылыми-танымдық фильмі дайындалды.