Бүгін Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т. Жүнісовтың «Swiss Choice Holding SA» швейцариялық компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті, оның барысында ашық жер үсті бассейндерінде теңіз суын пайдалана отырып, Маңғыстау облысында бекіре балықтарын өсіру және уылдырық өндіру жобасын іске асыру жөніндегі ағымдағы жағдай талқыланды.
Комитет Төрағасы швейцариялық компания өкілдеріне мемлекеттік қолдау шаралары және Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, тараптар ағымдағы мәселелерді талқылап, инвестициялық жобаны іске асыру бойынша ақпарат алмасты.