Польшалық «BG Production» компаниясы өкілдерімен кездесу

Польшалық  «BG Production» компаниясы өкілдерімен кездесу
Бүгін Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т. Жүнісовтың «BG Production» польша компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті, онда албырт балық түрлерін өндіру және өңдеу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.
«BG Production» компаниясының Польша мен Данияда балық өңдеу зауыттары бар, оларлың бірі албырт өнімдерін американдық, қытайлық, австралиялық және ағылшын нарықтарына негізгі жеткізушілерінің бірі болып табылады.
Комитет төрағасы польша компаниясының өкілдеріне мемлекеттік қолдау шаралары және Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жан-жақты ынтымақтастық пен ақпарат алмасуға келісті.