Бұған дейін хабарлағандай 2023 жылғы 17 шілдеде әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу барысында Instagram-дағы «alakol_kz» парақшасында Сасықкөл көлінің «Ерту» арнасындағы балықтардың қырылуы туралы жарияланым зерттелді.
Осыған сәйкес Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы өзара іс-қимыл Схемасына сәйкес жедел тәртіппен тиісті органдарды хабардар етті. Сонымен қатар,
18 шілдеде балық инспекциясы қызметкерлерінің шығуы ұйымдастырылды, оның нәтижелері Facebook-те(
https://www.facebook.com/watch/?v=24159769896955857) жарияланды.
Сонымен қатар, 2023 жылдың 20 шілдесінде Инспекция басшысы А.С. Суюбаев қызметкерлерімен және Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы ихтиология зертханасының меңгерушісі Е. Т. Сансызбаевпен анықталған жерге барды, алайда тексеру кезінде «Ерту» арнасында балықтың қырылу дерегі анықталған жоқ. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындармен сауалнама жүргізіліп, «Ерту» арнасында балықтың қырылу дерегі расталмады.
Айта кету керек, бұл көлде 2015-2017 жылдары ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар себептер бойынша су деңгейінің біртіндеп төмендеуі анықталды, мысалы, су тапшылығы, булану, сондай-ақ судың арналарға ағуы, олардың бірі «Ерту» арнасы болып табылады.
Жүргізілген ғылыми зерттеулер негізінде көлдегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты ихтиофаунаның өліміне жол бермеу мақсатында «Ерту» арнасын жабу ұсынылды және 2021 жылдың қазан айында бөгетпен жабылды.
Айта кету керек, 2023 жылдың көктемінде «Ерту» арнасындағы бөгетті белгісіз адамдар өз бетінше қазып, оған су құйылып, сумен бірге балықтар өткен.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бейнероликтің авторы «Ерту» арнасындағы бөгетті сумен толтыру мақсатында бірнеше рет ашқан, себебі арна оның аңшылық шаруашылығы аймағында орналасқан. Арнаның сумен толуы қауырсынды және тұяқты аңдардың келуіне әсер етіп, аңшылықты ұйымдастыру кезінде пайда әкелуге септігін тигізеді.
Өз кезегінде жергілікті тұрғындар «Ерту» арнасының ашылуына қарсы, себебі бұл тұрғындардың ауыз су мақсатында, кәсіптік балық аулау мен мал суару үшін пайдаланатын Сасықкөл көліндегі су деңгейінің төмендеуіне алып келеді.