БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
Құрметті әріптестер, Сіздерді «Балық шаруашылығы қызметкерлері күні» мерекесімен құттықтаймын.
 
«Балық шаруашылығы қызметкерлері күні» мерекелік күнтізбеде өзіндік орны бар. Бұл айтулы күн балық шаруашылығын дамытудың тың тетіктерін дамытуға мүмкіндік беріп, ортақ іске бірігетін балықшы қауымның мәселесін оңтайлы етуге жол ашады.
 
Жыл сайын шілденің екінші жексенбісі күні балық шаруашылығы қызметкерлерін, балық шаруашылығы ғылымының ғалымдарын, балық өсірушілерді, балық инспекциясы қызметкерлерін, кәсіби балықшыларды және әуесқой балықшыларды құттықтау әдетке айналған.
 
Бұл кәсіби мереке дәстүрлі түрде Каспий және Арал теңіздерінде, Балқаш және Зайсан көлдерінде және Қазақстанның басқа да су айдындарында балық аулаумен айналысатын отандастарымыз үшін де маңызды.
 
Өзен-көл, теңізіміз балыққа толса халықтың берекесі мен байлығы. Бүгінде күн демей, түн демей жасаған еңбектеріңіздің арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Алдағы уақытта да балық шаруашылығының дамуына үлес қосатынындарыңызға сенімдімін.
 
Кәсіби мерекеге орай тіршіліктің өзегі болған балық өнеркәсібін дамытушы балық саласының ардагерлері мен қызметкерлерінің және еңбек ұжымдарынның жоғары шеберлігі және өз ісіне адалдығы үшін ризашылығымды білдіремін.
 
Баршаңызды еліміздің баянды болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырамын.
 
Берекелі бірлігіміз мәңгі, еліміз аман, балығымыз көп болсын!
Ізгі ниетпен, Н. Жүнісов
 
Балық шаруашлығы комитеті төрағасы