Балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын аккредиттеу туралы

Балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын аккредиттеу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2023 жылғы 8 маусымда «Qazaq balyk» Республикалық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығы аккредиттелгенін хабарлайды.

Аккредиттелген қауымдастық аккредиттеу туралы куәлік негізінде мынадай қызмет түрлерін:

1) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің балық шаруашылығын, акваөсіруді, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;

2) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;

3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;

4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;

5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлуді;

6) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуы;

7) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысуы;

8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде балық ресурстары және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың қырылу қаупі, балықтардың қырылу қаупі жағдайларында, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысуды жүзеге асыруға құқылы.

«Qazaq balyk» республикалық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығының қызметі туралы жалпы ақпарат http://qazaqbalyk.kz/  сайтында орналастырылған.