Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді
2023 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен балық шаруашылығы су айдындарын бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі - қағидалар) конкурстық рәсімдерге қатысуға рұқсат беру үшін кепілдік жарнаның мөлшерін көбейту бөлігінде өзгерістер енгізілді. Бұл балық шаруашылығы су айдындарын бекітуге ниеті жоқ, алайда, конкурс процесінде баға ұсыныстарын жоғарлататын жосықсыз қатысушыларды қатысуын алдын алуға ықпал етеді.
      Конкурс нәтижелері бойынша жеңіске жеткен және балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы түпкілікті баға есебіне жатқызылатынын атап өткен жөн.
     Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарналар конкурс өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде веб-порталда ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған кепілдік жарналарды қайтаруға арналған өтініштерде көрсетілген деректемелерге қайтарылады.
     Бұл ретте, түпкілікті бағаны төлеу үшін белгіленген мерзім бұзылған жағдайда конкурс жеңімпазына кепілдік жарна қайтарылмайтынын да атап өткен жөн.
      Бұдан басқа, объектілердің түпкілікті бағасын төлеу тәртібіне өзгерістер енгізілді.
      Мәселен, егер бұрын конкурстың жеңімпазы жергілікті атқарушы орган қаулы шығарғаннан және облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясымен шарт жасасқаннан кейін түпкілікті бағаны төлеген болса, енді конкурстың жеңімпазы жергілікті атқарушы орган қаулы шығарғанға дейін түпкілікті баға сомасын төлейтін болады.
      Сонымен қатар, ең жоғары бағаны кезең-кезеңімен ұлғайту мүмкіндігі үшін көзделген уақыт аралығы 20 минуттан 10 минутқа дейін қысқартылды.
      Конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптарынан қатысушылардың банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы мәліметтер беру туралы талабы алынып тасталды.
     Сонымен қатар, балықты өңдеуге арналған цехтың есептік нөмірін көрсету туралы талап нақтыланған, яғни цехтың болуын растау үшін G2 нөмірін ұсыну қажет.
      Бұл ережелер ағымдағы жылдың 9 тамызында заңды күшіне енеді.
       Ережелердің толық мәтінімен келесі сілтемелер арқылы танысуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/documents/details/479684?lang=ru