Орталық Азия мен Кавказдағы балық шаруашылығы және акваөсіру (CACFish) Өңірлік комиссиясының Техникалық консультативтік комитеті Астанада алтыншы кеңесін өткізуде

Орталық Азия мен Кавказдағы балық шаруашылығы және акваөсіру (CACFish) Өңірлік комиссиясының Техникалық консультативтік комитеті Астанада алтыншы кеңесін өткізуде
 
 2023 жылғы 31 мамыр мен 1 маусым аралығында Астана қаласында Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің тиісті мемлекеттік органдары, ғылыми ұйымы мен қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен Техникалық консультативтік комитеттің алтыншы кеңесі өткізілуде.
 
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі-Комитет), Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облысы әкімдіктерінің, Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының және балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығының өкілдері қатысуда.
 
Кеңесте Комитет Төрағасы Н. Жүнісов сөз сөйледі. Мұндай іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр және Қазақстан үшін маңызды оқиға болып табылады. Мұндай іс-шараларды өткізу халықаралық тәжірибені зерделеу, өңірлік комиссия мүшелерімен ынтымақтастық орнату және қатысушы елдермен тәжірибе алмасу үшін жақсы мүмкіндік болып табылады, сондай-ақ ФАО желісі бойынша одан әрі ынтымақтастыққа ықпал етеді.
 
Техникалық консультативтік комитетінің алтыншы отырысы қорытындысы бойынша іс-шараларды жалғастыру мәселелері, атап айтқанда Орталық Азия мен Кавказдың балық шаруашылығы саласындағы зерттеу жобалары, бағдарламалары, конференциялары мен семинарлары пысықталатын болады.