Балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін республикалық қауымдастығын аккредиттеу туралы

Балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін республикалық қауымдастығын аккредиттеу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2023 жылғы 7 маусымда балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын аккредиттеуді жүзеге асыру үшін құжаттар қабылданатынын хабарлайды.
Балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығы мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
1) балық аулаушылардың қоғамдық бірлестіктері мен балық шаруашылығы субъектілерінің мүдделерін білдіруге;
2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттарды дайындауға қатысуға;
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлуге;
4) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурстық комиссияға қатысуға;
5) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысуға міндетті.
Аккредиттеуді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бекіткен аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу, оларды аккредиттеуді жүргізу Қағидаларымен регламенттелген.
Анықтама телефондары 8 (7172) 74-10-35, 8 (7172) 74-02-98.