«Бекіре-2023» балық қорғау акциясы

«Бекіре-2023» балық қорғау акциясы
2023 жылғы 19 мамырда сағат 11:00-де «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу шеңберінде Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізіне қарай шығатын ауданда рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Жайық өзені қамыс аймағында жалпы салмағы 62,2 кг. 3 қап бекіре тұқымдас балықтары табылды.
Аталған жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігінің белгілері бойынша СДТБТ-да тіркелген, құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.
Балық ресурстарына келтірілген алдын ала залал 64 377 000 теңгені құрады.
Балық қорғау акциясы жалғасуда.