«Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы

«Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы
Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығымен 1 наурыз бен 31 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы бойынша балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізу бекітілді. Аталған акция тасталған балық аулау құралдарынан су айдындарын тазарту және жағалау аумақтарын жинау, сондай-ақ сондай-ақ балық ресурстарын сақтау және балықтардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында өткізіледі.
Өңірлердің ауа райы-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы ағымдағы жылдың 1 наурызында, ал Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында ағымдағы жылдың 15 сәуірінен басталды.
Су қоймаларын тазарту бойынша күн сайынғы іс-шараларды өткізу нәтижесінде 1 мамырға дейін жалпы республика бойынша су қоймаларынан 995 данадан астам иесіз ау құралдары алынды, полигондарға 112,1 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Акция өткізуге 2126 адам, 93 жүзу құралы, 214 бірлік автомашина мен жүк көлігі құралдары жұмылдырылды.
«Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы жалғасуда.