«Бекіре-2023» балық қорғау акциясын өткізу барысы туралы

«Бекіре-2023» балық қорғау акциясын өткізу барысы туралы
2023 жылғы 27 наурызда экология және табиғи ресурстар, ішкі істер министрліктері мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында бекіре және басқа да балық түрлерін сақтау, сондай-ақ олардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында «Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойылды.
Акция басталғаннан бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары ҚР ҰҚК Шекара қызметінің және құқық қорғау, табиғат қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп табиғат қорғау заңнамасының 432 бұзушылығын анықтап, жолын кесті, нәтижесінде 319 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, браконьерлік және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлері бойынша заңсыз фактілерге 20 қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзушыларға 5,8 млн. теңге айыппұл салынды.
Заңсыз айналымнан 4 тонна 370 кг балық, оның ішінде 495.85 кг бекіре, 28 кг бекіре балық уылдырығы, 158 бірлік балық аулау құралдары, 33 бірлік су көлігі және 11 автомашина тәркіленді.
Балық ресурстарына 270млн. теңгеден астам залал келтірілді.
Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті тазарту нәтижесінде су айдындарынан жалпы ұзындығы 30 км-ден асатын 330 заңсыз балық аулау құралдары алынды.
Акция барысы нәтижелерімен тұрғындарды таныстыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 61 мақала жарияланып, телеарнаға 19 көрсетілім шықты.
Балық қорғау акциясы жалғасуда.